22 қыркүйекте Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжінің студенттері Есіл ауданының прокуроры Т. А. Сапаровпен кездесті.

23.09.2022

Тыныбек Әнуарбекұлы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, жастар арасындағы жыныстық қатынастың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында дәріс өткізді. Т.Ә. Сапаров құқық бұзушылықтың түрлерін, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды және құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді, сонымен қатар ата-аналардың жауапкершілігі және құқық бұзушылық пен қылмыс үшін жауапкершілік түрлерін баяндап берді. Баяндамада кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар негізінен «жасырып қалу» және «сыртқа көрсетпеу» сипатына ие екендігі атап өтілді. Дәріс соңында Т.Ә. Сапаров он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Әрбір азаматта құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» принципі болу керек. Әркім басқа азаматтың құқық бұзушылық жасауына жол бермеуі керек, ең бастысы оларды жасамауы керек .



Текст
Виртуальная приемная